Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін қалалық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясында депутаттар алдында өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларының орындалуы жөнінде есеп берді. Қала басшысы депутаттық корпус өкілдерін келе жатқан мемлекеттік мерекелермен құттықтап, бүгінгі табыстарымыздың бастауында Тәуелсіздік құндылықтары, Тұңғыш Президент жүргізген парасатты саясат жатқандығын атап өтті.

Биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарды баяндаған қала басшысы, барлық салаларда оң даму динамикасы сақталғанын жеткізді.

«Өнеркәсіп өнім көлемінің индексі - 6,7%-ға, ауыл шаруашылығы - 1,2%-ға, инвестиция көлемі -41,2%-ға, құрылыс жұмыстары - 11,8%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер алаңы - 23,7%-ға, бөлшек сауда көлемі -9,6%-ға артты. Бұл статистикалық деректердің артында қаланың тыныс-тіршілігіне арналған үлкен жұмыс, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ауқымды істер бар.Әрбір бастамамыздың игілігін халық сезінуі қажет. Осы мақсатта қаланың бес жылдық даму жоспары қабылданды, ол жүйелі түрде іске асырылуда», - деді әкім. 

Қаланың индустриялық аймақтары өнеркәсіп саласының дамуына серпін берді. Қазіргі таңда, төрт өндірістік аймақта 8 мыңнан астам жұмыс орнымен 118 кәсіпорын ашылған. Есепті кезеңде 500-ден астам жұмыс орнымен жаңа 10 кәсіпорын іске қосылды. Одан бөлек, қосымша 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды. Нәтижесінде алдағы 5 жылда өнеркәсіп өнім көлемін 700 млрд. теңгеден 960 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. 

Ауыл шаруашылығында 29 мың гектар жерге егістік егіліп, 85 мың тонна өнім жиналды. Шаруаларды қолдауда 133 кәсіпкерге 2,6 млрд. теңгеге субсидия бөлінді. Сонымен бірге 7,6 млрд. теңгеге 17 жоба іске асып, 200-ден астам жұмыс орны ашылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер