Қазақстанда банк секторын сауықтыруға тағы 1 миллиард теңге қажет

ҚР Ұлттық Банкі ағымдағы жылдың қыркүйек айында екінші деңгейлі банктерге қолдау білдіру мақсатында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды бастайды. Салымның көлемі 600 миллиард теңгеден ($1,8 миллиард) көп болмақ деп хабарлайды Massaget.kz.


«2017 жылдың бірінші жартысына қатысты есепке орай, Қазақстандағы қаржы институттарының тиімсіз қарыздарының деңгейі кредит портфелі жүйесінің 11 пайызын құраған. Бірақ, шындығында бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін», — дейді ҚР Ұлттық Банкіндегі банктерге бақылау жасау департаментінің директоры Олжас Қизатов.


Сауықтырудың мұндай жолын жүзеге асыру үшін Ұлттық Банк «Қазақстанның тұрақтылық қорын» жасақтады. Бағдарламаға қажет капиталдың үштен екі бөлігін үкімет, ал бір бөлігін банк акционерлері бөледі. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысу ерікті түрде орындалады. Әзірге белгілі болғандай, қазақстандық 33 банк бағдарламаға қатысуды ниет етіп отыр.


Қор міндеттелген, бірақ төлеу мүмкіндігі төмен облигацияларды банктерден сатып алады. Ал банктер сатылымнан түскен капиталға мемлекеттік құнды қағаздар немесе Ұлттық Банктің ноталарын сатып алуы тиіс.


Қизатов мырзаның айтуынша, әрбір банктің активтерін бағалау жеке тәртіпте өтеді. Банк секторын ратификация жасау қосымша қордың көмегімен жүзеге асырылмаса, жағдай одан әрі қиындауы мүмкін.


Өткен айдың басында «Проблемалы несиелер қоры» Қазкоммерцбанктің (ККБ) тиімсіз активтерінің жартысын 2,4 триллион теңгеге сатып алды. Көп өтпей, Халық Банк ККБ 96,81 пайыз акциясын иемдену туралы ресми ақпарат таратты. Банктердің бірігуіне негіз болған тиімсіз активтер 2008-09 жылдары болған қаржы дағдарысының салдарынан қалып қойғаны белгілі. Сол жылдары Қазақстанның кейбір банктері дефолтқа ұшырап, қайта қаржыландырылған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер