Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

Жаңадан құрылатын Өнеркәсіпті дамыту қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында 5 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсіндегі өндіріс көлемін кемінде 1,5 есеге арттыру туралы нақты тапсырмасын жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында 5 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсіндегі өндіріс көлемін кемінде 1,5 есеге арттыру туралы нақты тапсырма жүктеді. Отандық машина жасау өңдеу өнеркәсібінің локомативі болды және ел басшылының басты назарында қала береді. Бүгінде отандық машина жасау кәсіпорындары Қазақстанның даму банкі, «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламалары тетіктерін қоса алғандағы жеңілдікпен қаржыландырудан бастап, жеңілдікті лизинг пен экспортты ілгерлететін тетіктерін пайдалану арқылы сатуға дейінгі мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын қолдана алады, – деді ол.

Роман Склярдың атап өтуінше, Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен алаңында қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мәселелерін жедел шешетін Жобалық кеңсе жұмыс істейді. Оның аясында кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамту үшін қызметтер кодының тізбесі кеңейтілді, қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі 6 пайызға дейін төмендетілді, жергілікті атқарушы органдар үшін жергілікті қамту бойынша KPI белгіленді.

– Аталған тетіктерге қосымша Өнеркәсіпті дамыту қоры деп аталатын жаңа тиімді тетік пайда болады. Қазақстанның машина жасауды дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2019-2024 жылдарға арналған саланы дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда. 2020 жылдың 8 айының қорытындысында машина жасау саласы 16 пайыз өсім көрсетті. Осы нәтиженің барлығы мемлекет пен бизнестің қажырлы еңбегі, –  деді Роман Скляр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер