Түркістан облысының полицейлері бірнеше телефон ұрлаған ұрыны ұстады

Елімізде қалта ұрыларының ең оңай «олжасы» - ұялы телефон. Ұялы телефондарды ұрлауға бірнеше себеп бар: біріншіден, ұялы телефон әрбір адамда бар, екіншіден, ұялы телефондарға тіпті қолданған болса да сұраныс жоғары, үшіншіден, ұрланған телефонды сату, бөлшектеу оңай. Сол себепті де, ұрлықтың осы түрі жиі орын алуда. Аталған ұрлықтың алдын алу бойынша Түркістан облысының криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді. 

image.png

Осы тұста, облыс орталығында орын алған бірнеше ұялы телефон ұрлығын мысалға келтіріп өтсек. Тағы қосып өтетін жайт, бұл 3 телефон ұрлығын бір тұрғын жасаған. Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ер адам өз арызында, киім сататын дүкенінде тұрған «ОРРО» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу жасырын түрде ұрлап кетіп, жалпы 55 000 теңге материалдық шығын келтіргенін айтады. Осындай арызбен, дәл сол күні тағы бір тұрғын шағым түсіреді. Бұл жолғы жәбірленушінің айтуынша, оның дүкен сөресінде жатқан «Нuawei» маркалы телефонын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.  

image.png

Орын алған ұрлық қылмыстарын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында түркістандық полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден сұрастырып, қылмыс орын алған базар маңы, оған жақын орналасқан аймақтарды мұқият тексеріп шықты. Осы сәтте, келесі күні полицияға үшінші тұрғын ұялы телефон ұрлатып алғаны бойынша арызданды. Ер адамның айтуынша, оның ұялы телефондар сататын дүкенінен белгісіз адам сатылымда тұрған телефонның бірін қолды еткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 48 000 теңгені құрайды. Аталған жайтты тіркеуге алған полицейлер, 3 деректі де бір ұрының жасауы мүмкін деген болжам жасап, тыңғылықты тексеруді жалғастырады. Жан-жақты атқарылған іс-шараның нәтижесінде, бейнебақылау камераларының бірінен ұрының бейнесі анықталды. Содан полицейлер күдіктінің жеке-басы мен тұрғылықты мекенжайын біліп, оны полиция басқармасына жеткізді. 

image.png

Тексеру барысында жас жігіт оңай жолмен ақша табу мақсатында осылай ұрлық жасағанын мойындады. Белгілі болғандай, ол ұрлап алған телефондарды арзан бағаға сатып жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Бүгінде полицейлер ұялы телефондардың бірін тауып, оны айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда басқа телефондарды табу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

image.png

Тізбектей беретін болсақ, ұялы телефон ұрлығы жайлы деректер көп. Мұндай ұялы телефон ұрлығы көбіне қоғамдық жерлерде: қоғамдық көлікте, асханада, базарларда, адам көп шоғырланатын орындарда тіркеледі. Сондықтан қалта ұрыларынан сақ болыңыздар. Мүмкін болса, өз мүлкіңізді, әмияныңызды мұқият, ұқыпты ұстаңыз. Ұрылардың арам пиғылына тосқауыл қойыңыз! 

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер