2021 жылдың 13 тамыз күні Түркістан облысының полицейлері жұмыс күнін ерекше бастамамен бастады. Яғни Түркістан облысы Полиция департаментінің психолог мамандары облыс полицейлеріне «Эмоционалды қажу синдромының алдын алу» тақырыбында карантин талаптарын сақтай отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған департаменттегі басқарма, бөлімдердің басшылары мен облысқа қарасты 16 қала, ауданнан полиция басшылары бейнеселектор арқылы қатысты.
Жиын барысында алдын ала дайындалған баяндамалар оқылды. Сондай-ақ «Ешқашан берілме» бейнеролигі көрсетіліп, «Психофизиологиялық» жаттығулармен «Өзіңіздің кім екеніңізді білгіңіз келе ме?» ойыны, «Менің өмірім» медитациясы және т.б. терең ойлы, позитивті психологиялық жаттығулар мен ойындар жүргізілді.
Қашанда жүгі ауыр мамандық иелерін осылай психологиялық түрде тексеріп, ақыл-кеңестерді айту және жұмыс жасағанда жоғары көрсеткішке қол жеткізулеріне көмек көрсету мақсатында мұндай дәрістер алдағы уақытта да өткізіледі.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі