Түркістан облысының полицейлері 80 жастағы тұрғынға құжатын жаңартып беріп, алғыс алды

Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге үнемі көмек көрсетіп отырады. Осы мақсатта Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ жеке куәлігінің мерзімі өткен 80 жастағы атаны анықтады. Содан кейін ақ сақалды атаны  ХҚКО-ға жедел жеткізіп, қажетті фото-бейнеге түсірді. 

image.png

Осылайша Мақтаарал ауданының тұрғыны Оралбек Абдуәлиевке  дайын құжатын табыстады. Өз кезегінде жаңа құжатына қол жеткізген атай полиция қызметкерлеріне және оларды басқарып отырған басшыларына алғысын жаудырды. 

Жалпы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға, егде жастағы жүріп-тұруы қиын қарияларға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильдік топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Ең басты мақсат халықты сандалтпай, оларға қолайлы қызмет ұсыну болып табылады.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер