Түркістан облысының полицейлері үйлерінде той жасаған 2 тұрғынды анықтады

Елімізде коронавирус індетінің көбейіп бара жатқанына байланысты Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті қарқынды жұмыс атқаруда. Мәселен Мақтаарал ауданы Гүлістан ауылының тұрғыны карантин талаптарын өрескел бұзып, өз үйінде той-думан өткізген. Яғни 50-ге жуық адамға «Қыз ұзату» тойын жасаған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері келесі бір үйде 50 адам жиналып, өткізіліп жатқан «Беташар» тойын анықтап, учаскелік полиция инспекторларымен тойға жиналған қауымға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тарқатылды.

image.png

Бүгінде белгіленген талапты сақтамай адамдардың көптеп жиналуына жол берген той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ге жолданды. 

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер