Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, сырттай танысы өзінің үйінде есірткі затын сақтап жүргендігін айтып көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, бірден аталған хабарлама бойынша іске кірісті.
Тәртіп сақшыларының мұқият жүргізген тексеру жұмыстары барысында күдікке ілінген тұрғынның үйін тінтіп, ауласындағы монша ішінен 2 сіріңке қорабына салынған есірткіге ұқсас хош иісті затты тапты. Және де бақшасынан егіліп өсірілген 1 түп есірткі затын анықтады. Аталған заттарға медициналық сараптама тағайындалып, зерттеудің қорытындысына сәйкес сіріңке қорабындағы есірткі заты 3 граммға жуық «кептірілген марихуана» және 2 граммға жуық «қарасора» өсімдігі екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың басшарасы қолхатта.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтардың жат әдеттерден сақтанып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы керектігін ескертеді. Ал, денсаулығына зиян келтіретін заттарды (ішімдік, есірткі, құмар ойындар) қолдану өз өмірімен қатар қоғамға да кесірін тигізеді. Сондай-ақ, заң алдында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі