Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алдаған алаяқ әйелді ұстады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйел өз арызында «Ватсап» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азаматша ақша берсең, көбейтіп беремін деп алдағанын көрсетті. Яғни күдікті әйел салған ақшаң еселеп қайтарылатын болады деп сендіріп, 172 000 теңге ақша алған. Алайда арадан 1 аптадай уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын, бірден полицейлердің көмегіне жүгінді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынып, СДТТБТ-ға енгізілді.

image.png

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауаптар алынды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Полиция қызметкерлері осы қылмыстың ашылып, күдіктінің ұсталуы бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті нәтижесінде, алаяқ әйелдің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, бірден ПБ-ға жеткізді.  Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». 

Сонымен қатар белгілі болғандай, күдікті әйелдің осындай сылтаумен тағы бір тұрғынды алдағаны белгілі болды. Оны да өзінің өтірік сөзіне сендіріп, 110 000 теңге ақшасын алған. Осылайша алаяқтық жолмен алынған ақшаларды өзінің бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. 

Елімізде алаяқтық қылмысының көбеюіне байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ескертеді облыс тұрғындары, алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болыңыздар. 

ТО ПД-ның баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер