Түркістан полицейлері мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып беремін деген алаяқты ұстады

Төлеби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, одан сырттай танысы 2020 жылдың мамыр  айында мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаражат шығарып беретінін айтып, 400 000 теңге  ақшасын алған. Бірақ сенген танысы жәбірленушіге  берген уәдесін орындамай,  не ақшасын қайтармай әбігерге салған. Аталған жайт Төлеби  АПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық»  бойынша  тіркелді. 

image.png

Полицейлер қазіргі таңда қоғамымызда көптеп орын алып жатқан қылмыстың бірі –алаяқтық екенін ескере отырып, бірден іске кірісті. Осы жайтқа байланысты күдіктіні ұстап, алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде қырағы қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Өзгенің ақшасын оңай жолмен иеленіп, сан соқтырған әйелді ұстау шаралары жүйелі жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке-басын анықтап, оны АПБ-ға жеткізді. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. 

Анықталғандай ұсталған  ер азамат,  алдау жолымен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «келу туралы міндеттемеде». 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда «102» телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер