Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады

Түлкібас АПБ-ға  сайрамдық тұрғындардың бірі әлдебіреудің  есірткі затын сатумен айналысатынын  жеткізді. Аталған жайтты полицейлер  Түлкібас АПБ-ға ҚР ҚК-нің  297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу»  бойынша тіркеуге алынды.

image.png

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі затын өткізу қылмысына күдікті ретінде жергілікті тұрғын ер азаматты  анықтады. Ол қағазға оралған есірткіге ұқсас затты сатып тұрған жерінен ұсталды. Жедел уәкілдер ұсталған ер адамнан айғақты зат ретінде сатуға ұсынған затты тәркілеп алды.Алынған заттың «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде ұсталған орта жастағы азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден арылып, есірткі заттарын пайдаланудан бас тарту қажеттігін түсіндіреді. 

Егер де сіз осындай қылмыстардың куәсі болсаңыз немесе есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу деректері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер