Экскурсия мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оның зардаптары туралы түсіндіру, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Аталған шараға Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құсан Қарабаев пен ұйымдастырушы педагогі Саят Тұрдахмет және «Жастар» ресурстық орталығының әлеуметтік қызметкері Жанар Сманованың ат салысуымен 9-11 сынып оқушылары қатыстырылды.
Осыған орай полиция аға сержанты Нұрсұлтан Асанов оқушыларды полиция бөлімінің тыныс тіршілігімен таныстырды. Оларға қоғамдық тәртіпті сақтамаудың салдары мен құқықбұзушылықтың зардаптары туралы айтып, түсіндірді. Сондай-ақ жасөспірімдер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Өз кезегінде жаңа ақпараттармен бөлісіп, осындай игі іс-шара ұйымдастырғаны үшін білім беру мекемесінің ұжымы полицейлерге алғыс айтты. Аталған экскурсияға карантин талаптарын сақтай отырып барлығы 30 оқушы қатысты.
ТО ПД баспасөз қызметі