Түркістанда мас халде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Мақтаарал ауданы ПБ полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Мәселен, Мақтаарал АПБ полицейлері қызметтік міндетін атқару барысында Мақтаарал ауданы Атакент кенті көшелерінің бірінде түнгі сағат 22:00 шамасында күдік тудырған «Dаеwoo Nexia» маркалы автокөлікті тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін медициналық сараптамаға жүгінді. Куәландыру қорытындысына сәйкес кінәлі жүргізушінің масаң күйде екені анықталды. 

image.png

Тәртіп сақшылары ішімдік ішіп, масаң күйде көлік басқарған азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша іс-құжаттарды жинақтап, Мақтаарал аудандық сотына жолдады. Сот аталған жүргізушіні ӘҚБтК 608-бабы бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айыруға үкім етті. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын естен шығармағаны жөн.

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер