Полицейлер браконьерлерден қоян мен қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың етін тәркіледі

Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау инспекторлары Арыс ауданы аумағында браконьерліктің кезекті дерегін анықтады. Яғни жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Жиделі ауылының маңында жабайы аңдарды заңсыз аулаған күдіктілерді ұстады. Олар бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған Арыс ауданының екі тұрғыны болып шықты. Анықтай келе, күдіктілердің кешкі сағат 22.20-да жайылымдардың бірінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген жабайы қоян мен қарақұйрықты атып өлтіргені белгілі болды.

image.png

Тексеру кезінде полицейлер күдіктілерден ауланған жануарлардың етін (ұшасын), сондай-ақ тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығы мен 1 дана жарықшам тәркіледі. Браконьерлер аудандық полиция бөліміне толық мәнжайды одан әрі тексеру үшін жеткізілді. 

Бұл жайт Арыс АПБ-де ҚК 337-бабы 4-бөлігі "заңсыз аң аулау" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз аң аулау мен табиғи ресурстарды өндіргені үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді. 

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Темір жол көпірінен секірмек болған әйел құтқарылды
  • Түркістан облысының полицейлері өз құрбысының 3 000 000 теңгесін алдап алған бойжеткенді ұстады
  • Түркістан облысының полицейлері арнайы жарық құрылғысын көлігіне орнатып алған жүргізушіге хаттама т
  • Түркістан облысында мал ұрлығының тіркелуі азайып, қылмыстың ашылуы артты
  • Полицейлер браконьерлерден қоян мен қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың етін тәркіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер