Түркістан полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан тұрғынын ұстады

Сарыағаш ауданының сақшылары «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы есірткіні заңсыз алып өтпекші болған Өзбекстан  елінің  азаматын  құрықтады. Нақтырақ айтсақ, бақылау бекетінің қызметкерлері ҚР-нан  Өзбекстан Республикасының аумағына өтпекші болған ер азаматтың  билетін тексеріп жатқан кезде, «Белка» атты қызметтік ит бірнеше метрден жүгіріп барып, ер азаматтың жанына жақындап үріп, белгі бере бастайды. 

image.png

Осыдан соң бекеттегілер бірден Сарыағаш АПБ-нің сақшыларына хабарласып, болған жайтты түсіндірді. Тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп, бірқатар тексеру жұмыстарын жүргізді. Тиянақты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде ер азаматтың шалбарының қалтасынан қағаз орамаға оралған есірткі затына ұқсас зат табылды. Полиция қызметкерлері айғақты затты сараптамаға жолдап, оның қорытындысы бойынша жалпы салмағы 2  грамм кептірілген марихуана екенін анықтады. 

Аталмыш жайт Сарыағаш АПБ-да  ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жалғасуда. 

Осы тұста Түркістан облысының полицейлері әрбір азаматқа әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шынығуға кеңес береді.

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер