Сейфтен ақша ұрлаған дүкен қызметкері ұсталды

04.jpg

Түркістан облысында сейфтен ақша ұрлаған дүкен қызметкері ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына қаланың орталығында орналасқан азық-түлік дүкенінен хабарлама келіп түседі. Онда әйел, дүкен ішінде тұрған сейфтен белгісіз біреу 200 мыңнан астам теңгені жымқырып кеткенін жеткізеді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Тәртіп сақшылары ұрыны анықтауға бірден іске кірісті.

Полицейлер ұрлық орын алған дүкенді, оған жақын аймақтарды мұқият қарап шықты. Бейнебақылау камералары тыңғылықты тексерілді. Дүкен қызметкерлерінен, куәлардан жауап алынды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол осы дүкенге жаңадан  жұмысқа тұрған жас жігіт болып шықты.

Белгілі болғандай, дүкендегі сейфтің құпия сандарын білетін жаңа қызметші ақша қажет болғандықтан, түнгі сағат 02:00 шамасында келіп, қолына ілінген ірі ақшаларды қолды қылған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.   

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңізге тиесілі сауда орындарын, басқа да ойын-сауық мекемелеріне арнайы дабылқаққыш пен бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Сақтық үшін дүкендердің терезелерін темір тормен жабдықтауға кеңес береді. Есіктеріне мықты құлыптар орнатуға шақырады. Егер де, сіз, бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, шұғыл полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер