Телефон ұрлап істі болды

2108.jpg

Түркістан облысының полицейлері  ұялы телефон ұрлығын жасаған ер адамды ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші өз арызында, белгісіз біреу оның үйіне заңсыз кіріп, ас бөлмесінде үстел үстінде тұрған «Samsung Galaxsy J7» ұялы телефонын жымқырып кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» қылмысы бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, орын алған қылмысты ашу мен күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылды. 

Тәртіп сақшылары тұрғын үйге барып, күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында жақын төңіректі мұқият қарап, тұрғындардан жауап алды. Тыңғылықты жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде осы қылмысқа күдікті Жетісай қаласының тұрғыны ұсталды.

Белгілі болғандай,  күдікті бұған дейін де ұрлық қылмысы бойынша сотты болған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйлер мен жеке мүліктеріңізге барынша сақ болуларыңызды ескертеді. Ұрлық жайттары орын алған жағдайда тез арада 102-не хабарласыңыздар


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер