Қымбат құрылыс құралын ұрлап ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жұмыс орнына ұрлыққа түсіп, 2,5 миллион шығын келтірген күдіктіні ұстады. Бұл туралы ТО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Screenshot_4.jpg

Түркістан ҚПБ-ға облыс орталығында құрылыспен айналысатын ЖШС-нің басшысы атынан қатынас хат келіп түскен. Онда, саябақ маңында орналасқан объектіде тұрған, құны 2 500 000 теңге болатын «Kingdream» маркалы бұрғылау құрылғысы ұрланғаны көрсетілген. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркеуге алынып, тәжірибелі тәртіп сақшылары іске кірісті.

Оқиға орнына шұғыл шыққан полицейлер, күдіктіні анықтауға қатысты барлық жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырды. Куәлардан жауап алынды. Жақын аумақтар мұқият тексерілді. Нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. Ол жәбірленушінің жұмысшысы болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті бағалы құралды жұмыстан қайтарда білдіртпей алып шыққан. Және оны жасырып қойған. Содан оны сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратпақ болады. Алайда полицейлердің жеделділігі арқасында қылмыс ашылып, айғақты зат тәркіленіп алды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарына абай болуды ескертеді. Ұрлықтың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын жасауға кеңес береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер