Төтенше жағдай тәртібін бұзғандар жазаланады!

12-2.jpg

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде 850-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгені баршаға аян. Бұл сәтте Түркістан облысының полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Осынау қиын кезеңдерде полицейлер, арнайы қойылған блок бекеттерде кірпік ілместен күзетіп, облыс аумағына кіріп-шығып жатқан әрбір көлік, жолаушыны жіті тексеруде. Сондай-ақ тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларды анықтап, шара көруде.                        

Бүгінге дейін блок бекеттерде 14307 көлік тоқтатылып тексерілсе, айыптұраққа 100-ден астам көлік қойылды. Ал Полицияға жеткізілген адам саны – 1220. Облыс бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 863 жайт анықталды. Оның ішінде 47 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл салынды. 73 азаматқа ескерту беріліп, 2 азамат әкімшілік қамауға алынды. Құқық бұзушылық жасаған азаматтардың кейбірі жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жүрсе, кейбірі коменданттық сағат кезінде тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде болғаны үшін жауапқа тартылған.

Оған қоса Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 478-бабымен «Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер» 8 дерек анықталды. Әкімшілік кодекстің 488-бабы «Бейбіт митинг туралы заңды бұзу» бойынша 8 жайт анықталып, 1 тұрғынға ескерту берілді. 6 адам қамауға алынып, 1 тұлғаға айыппұл салынды.

Ескерте кетсек, енгізілген коменданттық сағат кезінде, яғни сағат 23:00-ден 07:00 дейін азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылды. Сондықтан тұрғындар төтенше жағдай кезінде жеке басын растайтын және көлік құжаттарын өздерімен бірге ала жүруі керек. Сондай-ақ полицейлердің заңды талабына бағыну маңызды.

Ал облыс орталығы Түркістан қаласыда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 65 жайт анықталды. Оның ішінде 41 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл салынды. 20 азаматқа ескерту берілді. Сотта 4 іс қаралу үстінде.

Түркістан облысының полицейлері осындай қиын сәтте тұрғындарға сабырлы болып, заң талаптарын сақтауларын сұрайды. Белгіленген шектеулерге мойынсынып, тәртіпке бағыныңыздар. Артық үйден шықпаңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер