Түркістан облысында тұрғындар полицейлерге алғыс айтуда

WhatsApp Image 2022-01-12 at 21.49.14.jpeg

Түркістан облысының полицейлері 74-ке келген кейуанаға жаңа төлқұжат жасап берді. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде облыста Қазақстан азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру, мәртебесі реттелмеген адамдарды, яғни 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген тұлғаларды анықтап, құжаттандыру мақсатында арнайы шара өтуде. Аталған шараны көші-қон қызметі бөліністері мен учаскелік полиция қызметкерлері бірлесе өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Акция аясында көші-қон қызметі тобының аға инспекторы полиция майоры Нұрман Шыңғысбаев құжаты жоқ, немесе мерзімі өткен тұлғаларды анықтап, құжат алуына қажетті көмектер көрсетті. Тәртіп сақшылары тарапынан құрылған арнайы мобильдік топ жүріп-тұруы қиын азаматтардың үйлеріне барып, суретке түсіріп, құжаттарын рәсімдеген.

Соның бірі – Түлкібас ауданында 74  жастағы ақ жаулықты ана  Гүлсін Есенқұлова  полицейлерге  осы уақытқа дейін ешқандай төлқұжат  алмағанын хабарлаған. Ананың жүріп тұруы қиын болғандықтан полиция майоры Нұрман Шыңғысбаев төлқұжатты тез арада жасап үйіне апарып табыс етті. Жетпістен асқан кейуана Түлкібас ауданында тұрады. Қазіргі таңда 2 ұл, 2 қыз, 16 немере, 14 шөбере сүйіп отыр. Ол полиция қызметкерлерінің атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп алғысын айтты.

– Көші қон қызметкерлеріне, Түлкібас ауданының полиция басшыларына рақмет айтамын. 74-ке келсемде менде ешқандай төлқұжат болмаған. Міне, енді полицейлер төлқұжатымды жасап берді. Көші-қон қызметкерлеріне көп алғысым шексіз.Рақмет сіздерге! – деді Күлсін ана.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер