Кентауда онлайн алаяқ қолға түсті

Screenshot_6.jpg

Түркістан облысының полицейлері өзгенің атынан онлайн несие алған жас әйелді құрықтады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу шағын несие беру ұйымы және банктердің бірінен онлайн несие алып, 800 мың теңгеден астам шығын келтірген. 1 айдай уақыт өткен соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Кентау ҚПБ полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны Кентау қаласы көшелерінің бірінде жүрген жерінен ұстады. Алаяқтық жасаған жас әйел жергілікті тұрғын және  жәбірленушінің сырттай танысы болып шықты.

Анықталғандай, күдікті келіншек жәбірленушіге «Сіздің атыңыздан тауарлық несие шығарып бере аламын және оны зейнетақы қорындағы ақшаңызбен төленетін етіп жасаймын» деп сендірген. Өз кезегінде тұрғын, алаяққа сенім білдіреді. Осы бағытта алаяқ жәбірленушінің атынан банкке сұраныс жіберіп, мақұлдау алған. Содан ұялы телефоныңызға құпия сан барады соны айтсаңыз деп, алдау арқылы шағымданушының есепшотына түскен ақшаны өзіне аударған. Қомақты қаражатты өз пайдасына жұмсап жібереді. Осы істі соңына жеткізіп, алаяқтық қылмысының ақ-қарасын ажыратып, нақты дәлелдерді табуда Кентау ҚПБ-ның тергеу бөлімшесінің қызметкерлері қарқынды қызмет атқаруда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік кәртішкелеріңізбен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтығының куәсі немесе құрбаны болсаңыздар, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер