Жұмысқа орналастырам деп ақша алған алаяқ ұсталды

Screenshot_7.jpg

Түркістан облысында белгілі бір мекемеге жұмысқа кіргіземін деп бірнеше тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті екі тұрғын арызданып, алаяққа алданғанын жеткізді. Жәбірленуші ер азаматтардың айтуынша, сырттай таныстары "Түркістан қаласының мекемелерінің біріне жұмысқа кіргізіп беремін" деп уәде беріп, ақысына бірінен 1 млн 575 мың теңге алса, екіншісінен 200 мың теңге алған. Арадан 1 жылға жуық уақыт өткенмен, жәбірленушілер жұмысқа орналаспаған, не берген ақшасын ала алмаған. Осылайша алаяққа алданғанын түсінген тұрғындар полицейлерден көмек сұрады. Аталған жайт ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеуге алынды.

Шұғыл-іздестіру іс-шараларын жүргізген түркістандық қырағы тәртіп сақшылары осы жайтқа қатысы бар күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Бүгінде өз кінәсін мойындаған ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған ұқсас алаяқтық қылмысы бойынша полицияға тағы бір тұрғын шағым түсіреді. Оның айтуынша да осындай сылтаумен алдаған күдікті ер адам одан 2 млн теңге ақша алған. Содан кейін ешқандай жұмысқа да кіргізбеген, ақшасын да қайтармаған, әрнәрсені сылтауратып  алдап жүрген. 

Белгілі болғандай күдікті ер адам өзі бұрын аталған мекемеде жұмыс істеп кеткен қызметкер болып шықты. Жәбірленушілерден алаяқтық жолмен алған ақшаларын өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни, жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер