Түркістан облысында жергілікті тұрғыннан есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кентау қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторынан есірткі заттарын сақтаудағы күдіктінің анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай өзіне бекітілген аумақта қызметін атқарған полиция аға лейтенанты Есімхан Бағзатхан Кентау қаласының тұрғынын есірткіге ұқсас затпен көргені туралы жедел ақпарат алады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Тәртіп сақшыларының байқампаздықтарының арқасында күдікті ер адамның үйін тексеру барысында жатын бөлмесіндегі төсек орнының ішінен өзіне тән иісі бар есірткі заты салынған ақ қағаз табылады. Алынған заттай дәлелдемелерді бірден сараптамаға жібереді. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі заты "марихуана" болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының заңсыз сақталуы мен айналымына байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.