Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді

0401.jpg

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, туыстарына құрмет көрсетті. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

– Қиын да қауіпті қызмет саналатын ішкі істер саласында өзіндік қиындықтар кездеседі. Әсіресе қылмыскерді құрықтаймын деп, қауіппен бетпе-бет келеді. Қылмыскерді құрықтағанымен әркез сәттілік тәртіп сақшыларының жанына серік бола бермейді. Қандықол қылмыскерлер кей жағдайларда қаруланып, полицейлерді мерт қылады. Десе де біз қызметін адал атқарып, ерлікпен қаза тапқан әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Олардың ерлігі әрқашан біздің жадымызда! – деді Түркістан облысының бас полицейі. 

Қаза болған полицейлердің жұбайларына М.Қабденов гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыстады. 

0403.jpg

– Ішкі істер саласында қызмет атқарған күйеуімнің қайтыс болғанына биыл 36 жыл болады. Осы аралықта оның әріптестері, яғни полиция қызметкерлері бізді назардан тыс қалдырған емес. Бүгін де арнайы шақырып, өзінің тілегін жеткізіп, сый-сияпаттарын табыстаған полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовке өзімнің алғысымды жеткіземін. Қызметтеріне сәттілік, отбастарына амандық тілеймін, – деді Дариға Құдайбергенова.

– Полицияның жұмысы өте ауыр. Олар күн-түн демей кез келген уақытта жұмыстан табылады. Менің күйеуім де осы салада қызметте болды. Тағдырдың қатал сынағымен жұбайым қаза тауып, 4 баламен жалғыз қалдым. Сондықтан күйеуімнің әріптестеріне осындай құрмет үшін шексіз алғысымды білдіремін. Қайда жүрсеңіздер де отбасыларыңызға, күтіп отырған жақындарыңызға аман есен оралыңыздар! – дейді қызмет бабында жол апатынан қаза тапқан учаскелік полиция инспекторы Расул Наршабаевтың әйелі Динара.

0402.jpg

Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, халқына аянбай қызмет ете жүріп, ажал құшқан полицейлердің есімдерін, оның отбасын, ұрпағын ұмытпай, әрдайым қолдан келгенше қолдау білдіріп отыруды дәстүрге айналдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да орын жалғаса бермек

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер