Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды

жулде.jpg

Түркістандық полицейлер Шымкент қаласында өткен «Грэпплинг» сайысынан жүлдемен оралды. Бұл туралы Полиция депаратментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласында өткен «Грэпплинг» сайысынан ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогіне Түркістан облысы Полиция департаментінің Оқу-жаттығу взводының инспекторлары полиция капитаны Жәнібек Айдарбек пен полиция аға лейтенанты Жолдасбек Ануаров арнайы жіберілді. Кіл мықтылар бақ сынаған сайыста Түркістандық полицейлер айқын басымдықпен жеңіске жетті. Нақтырақ айтсақ, 83 және 91 келіде сайысқа түскен полицейлер жүлделі 3-орынды иеленді.

Үздік үштіктің қатарынан көрінген тәртіп сақшыларына грамота мен медальдар табыс етілді. Ел мен жердің қауіпсіздігін күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстайтын, жалпы түрлі қылмыстарды болдырмай, алдын алу үшін аянбай тер төгетін полиция қызметкерлері осындай спорттық сайыстар арқылы үнемі физикалық күштерін сынап, тәжірибелерін арттырып отырады.

Полиция капитаны Жәнібек Айдарбек 2010 жылдан бері «Самбо» күресімен айналысып келеді. Өз күшін спорт саласында сынап жүрген полицей, халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  2014 жылы Азия чемпионы атағын алған. Ал Жолдасбек Ануаров өз қызметін 2014 жылы Оқу-жаттығу взводының инспекторы қызметінен бастап, осы жылдан бері спорттың «Еркін күрес» түрімен шұғылданып келеді. Жауапкершілігі мол, жұмысымен қоса салауатты өмір салтын қатар алып жүрген полицей 2016 жылы Қостанай қаласында өткен «Самбо» күресінен Қазақстан чемпионы атанған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер