Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды

4 уры.jpg

Түркістан облысында бір күнде 4 мал ұрысы ұсталды. Бұл туралы Полиция депаратментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республика көлемінде наурыз айының 1-10 күндері аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталмыш шараның алғашқы тәулігінде 4 мал ұрлығы ашылды. 

Соның бірі – Келес ауданы ПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын түнгі уақытта ауласында орналасқан мал қорасынан 5 бас малын белгісіз азаматтың ұрлап кеткенін көрсеткен. Бүгінгі таңда жәбірленуші ер адамға келтірілген жалпы шығын көлемі 250 мың теңгені құрап отыр. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. 

Орын алған қылмысты ашу мақсатында іске кіріскен тәртіп сақшылары оқиға орнын барлап,  таңғы сағат 05:00-ден бастап мал сататын аймақтардың барлығына тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мал тасымалдайтын автокөліктерді  де назардан тыс қалдырмады. Полиция қызметкерлерінің атқарған  жұмыстарының нәтижесінде ұсақ малдарды ұрлап кеткен екі адам анықталды. Біреуі бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай күдікті екеу өздерінің қарыздарынан құтылу мақсатында оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жәбірленушінің қорасын аңдып, тұрғындардың шырт ұйқыға кеткенін күткен. Содан соң күдіктілердің бірінің жеңіл автокөлігін қора алдына қойып, іштен малдарды алып шыққан. Олардың екеуін жүк салғышқа, қалған үшеуін көлік ішіне салып, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Осыған ұқсас ұрлық қылмысының алдын алу мақсатында Түркістан облысының полиция қызметкерлері ет сататын 23 дүкенді, 29 ауыл шаруашылық мекемелерін  мұқият тексерді. Сонымен қатар  үй жануарларын тасымалдайтын 31 автокөлікті бақылап, олардың ішінен ветеринарлық ілеспе құжатынсыз мал тасымалдаған 11 автокөлік иесін анықтады. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша хаттама толтырды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері малдарды жайылымдарда қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.  Қора-қопсыны мықтап қоршап, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға тапсыруға, үй жануарларын дер кезінде таңбалап, сырғалауға кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер