Мас халде құжатсыз көлік жүргізген азамат қамалды

95544355_882311582244531_310713314470526976_n.jpg

Ордабасы ауданының полицейлері төтенше жағдай кезінде мас халде құжатсыз көлік басқарған жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Темірлан елді мекенінің көшелерінің бірінде АПБ-нің ЖПҚ ППТ аға инспекторы, полиция лейтенанты Бақытжан Тұрсынбаев пен қызмет инспекторы полиция лейтенанты Шерхан Пернеханов маневр жасау қағидаларын бұзғандықтан «Форд Транзит» автокөлігін тоқтатады.

Тексеру барысында жүргізушінің спирттік ішімдік ішкені анықталып, сараптама қорытындысына сәйкес «жеңіл дәрежеде» мас күйде болғаны дәлелденді. Оған қоса, құжаттарын тексеру барысында тұрғынның жүргізуші куәлігінің уақыты 2006 жылы аяқталғаны, алайда оның куәлігін қайта жаңартпағаны, жалпы құжатсыз көлік басқарып жүргені белгілі болды. Техникалық қадағалаудан өтпеген.

Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» және 595-бабы «Маневр жасау қағидаларын бұзу», 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» және «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» 612-баптарымен әкімшілік хаттамалары толтырылып, аудандық соттың шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ескертеді: жол қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар, жылдамдықты асырмаңыздар, қарсы бағытқа шықпаңыздар. Ең бастысы мас халде көлік басқармаңыздар. Бұл сіздің өміріңізбен қатар, өзге де жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің өміріне қауіпті. Сіздің бір қателігіңіз қаншама адамға опық жегізуі мүмкін. Сондықтан барынша сақ болыңыз!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер