Түркістан облысында 93 тұрғын қамауға алынды

95221341_882309535578069_2579708987503017984_n.jpg

Түркістан облысында полицейлер төтенше жағдай кезінде 700-ге жуық құқықбұзушылықты анықтап, 93 тұрғынды қамауға алды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабаралады.

Полицейлер елімізде төтенше жағдай режимінде тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларды анықтап, шара көрді. Атап айтсақ, облыс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 693 жайт анықталды. Оның ішінде 206 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл (5 461 060тг) салынды. 226 азаматқа ескерту беріліп, 93 азамат әкімшілік қамауға алынды. Сотта 168 іс қаралу үстінде.

Бұл құқықбұзушылық жасаған азаматтардың бірі 19-сәуірден бастап облыс бойынша карантин енгізілгеніне қарамастан, Түркістан қаласында көше бойында орналасқан асханалардың бірінде азаматтарды қабылдап, тамақтануға рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды.

Ордабасы АПБ-нің жеке құрам қызметкерлері де төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Күнделікті тексеру жұмыстары барысында Ордабасы ауданында Шұбарсу елді мекенінде орналасқан автокөлік жуу орны шектеулерге қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықтаған. Аталған жайт бойынша автокөлік жуу орнының егесіне қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы яғни «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырылып, сот қарауына жолданды.

Артық үйден шықпаңыздар. Көп адам шоғырланатын орындарда жүрмеңіздер. Жеке кәсіпкерлер, өз қалталарыңызды ойлап, төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеңіздер.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер