Полицейлерді жарақаттаған есірткіқұмар болып шықты

кенпол.jpg

Кентау қаласының полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларын жарақаттаған азаматтың есірткі қолданғаны анықталды. Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желіде "ватсап" мессенджері арқылы полицейлерге қарсылық көрсеткен ер адамның ұсталғаны жөнінде бейнежазба таралған болатын. Сол бейнежазбадағы ер адамды 23 сәуір күні Кентау қалалық Полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша қызмет атқару кезінде көшеде кетіп бара жатып күдік тудырғаны себепті тоқтатты.
Тәртіп сақшылары ер адамға полиция бөліміне жүруді өтінген кезде тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған. Күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Полиция қызметкерлері бұрын ұрлық және есірткі сақтағаны үшін сотталған бұзақыны – Кентау қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған жайт Кентау қаласы ПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша тіркелді.
Сондай-ақ медициналық сараптамаға сәйкес тәртіп бұзушы
ның есірткі қолданғаны анықталды. Қазіргі таңда осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Кентау қалалық сотының шешімімен күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер