Мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

урытоп.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мал ұрлығына баса мән беріп, қолданыстағы заңды қатаңдатса да қылмыстың бұл түрі толастар емес. Соның айғағындай облыс әкімінің тапсырмасымен қырағылықты күшейткен Полиция департаментінің қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, түнде сиырын ұрламақ болған ұрылардың көлігі жол бойында бұзылып тұрғанын көріп, хабарлама түсіреді. Жәбірленушінің айтуынша түнгі уақытта белгісіз екі тұлға ауласына жасырын кіріп, қорасындағы сиырын ұрлап дарбазадан шығып бара жатқан жерінен көріп қалып айқайлағанында, әлгі ұрылар сиырды тастай салып, келген көліктерімен оқиға орнынан қашып кеткен көрінеді. Ұрылардың көлігін, оның нөмірін көріп қалған қырағы тұрғын, таңертең жол бойында бұзылып тұрған ұрылардың көлігін бірден танып, полицейлерден көмек сұраған.
Аталған мал ұрлығы жайтына байланысты күдіктілерді анықтау, ұстау мақсатында полицейлер көрсетілген мекен-жайға тез арада жетеді. Осылайша, өзгенің қорасына түсіп, малын жетектеп алып шықпақшы болған жігіттерді полицейлер 1 сағат ішінде ұстайды. Тергеу барысында бұл қылмыстық топ құрамында жергілікті тұрғындар, яғни 5 жігіт болғаны белгілі болды. Олардың кейбірі ағайынды болса, келесілері достар болып шықты.
Күдіктілер тергеу жұмыстары кезінде Қазығұрт ауданында бұдан басқа 3 мал ұрлығына қатысы бар екендіктерін мойындады. Ұрылардың айтуынша, олар тұрғындардан ұрлаған сиырларды сойып, ет күйінде өткізіп отырған. Одан бөлек Сарыағаш ауданында ет комбинатынан ет ұрлағандары да анықталды. Жалпы, Сарығааштан 3 жайт шықты. Қазығұрт ауданындағы тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 2 миллионға жуық теңгені құрады.
Аталған жайттар Қазығұрт АПБ-де ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктілердің 2-еуі қамауда, 3-еуінің бас шарасы «қолхатта».
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға төрт-түліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Қора-жайларыңызды мықты материалдармен бекітіп, аулаңызды жарықтандырыңыздар. Малдарыңызға уақытылы ен-таңбаларын салдыртыңыздар деп кеңес береді. Сонымен қатар, үй жануарларын жайылымға қараусыз жібермеу керектігін естен шығармаңыз. Мал ұрлығын болдырмау, алдын алу мақсатында сенімді адамдардан бақташы жалдаңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер