Ауласына қарасора еккен күдікті қамауға алынды

карасора.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайту және істі ұзартпай анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті сора егісін жойды.

Жедел уәкілдер Ордабасы ауданы тұрғынының үйінен құрамында есірткі заты бар тыйым салынған өсімдік тауып, күдіктіні ұстады. Ер адамның үй ауласындағы арнайы қоршалған учаскеде заңсыз қарасора еккені белгілі болды. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде құрамында есірткі бар 170 түптен астам өсімдік тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, алынған қарасораның жалпы салмағы 1 кг-дан асты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап, тұрғынның үйінде қарасораны не мақсатпен өсіргенін анықтауда. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер