Құрылыс заттарын ұрлап, қолға түсті

уры.jpg

Карантин кезінде құқықбұзушылық түрлерінің алдын алу, болдырмау –  Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы. Бұл бағытта арнайы рейдтер ұйымдастырып, карантин талаптарын түсіруге көмектесіп жүрген Созақ ауданының тәртіп сақшылары ұрыны ізін суытпай ұстады.

Созақ аудандық Полиция бөлімінің кезекшілігіне аудан орталығының тұрғыны арызданып, оның құрылыс құралдары ұрланғандығы туралы хабарлаған. Шолаққорған ауылы тұрғынының айтуынша түнгі уақытта оның ауласына белгісіз тұлғалар кіріп, екі болгарка мен жұмыс бәтеңкесін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 40 мың теңгеден асты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Оқиға орнына келген аудандық полиция қызметкерлері аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жедел шаралар нәтижесінде Созақ АПБ-ның полиция қызметкерлері құрылыс заттарын ұрлаған күдіктіні қолға түсірді. Ол жәбірленушінің ауылдасы, Созақ ауданының тұрғыны болып шықты. Полиция бөліміне жеткізілді. Айғақ зат ретінде полиция қызметкерлері жас жігіттен ұрланған құралдар мен аяқ киімді тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Тергеу барысында ұрының басқа да осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатыстылығы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өз мүліктерін сақтауға қажетті барлық шаралар қабылдауды ұсынады. Мүмкіндігінше өз үйіңіздің қоршауы мен қақпасын нығайту, аулада жарық орнату, сондай-ақ терезелерге темір торлар мен есіктерге сенімді құлыптар орнату керек. Бағалы заттар мен құрылыс құралдарын сенімді жерлерде сақтаған жөн. Бағалы заттар ұрланған немесе жоғалған жағдайда тез арада «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер