199 тіркелмеген қару тапсырылды

карут.jpg

Түркістан облысында ауыр қылмысты болдырмау, алдын алу, тұрғындардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында "Тіркелмеген атыс қаруын сатып алу" акциясы жалғасуда. Заңсыз айналымдағы қаруларды сатып алу акциясы аясында шілде айының 1-9 күндері аралығында облыс тұрғындары өз еріктерімен 199 қару Ішкі істер органдарына тапсырды. Оның 27-сі ойық ұңғылы, 172-сі тегіс ұңғылы қару, 8-і шолақ мылтық. Бұған қоса 231 дана патрон алынды.
Бәйдібек ауданының тұрғындары да акцияға белсенділікпен қатысуда.
Шаян ауылының бір тұрғыны, Ағыбет ауылының екі тұрғыны ерікті түрде қаруларын полиция бөліміне тапсырды. Олардың үшеуі де тегіс ұңғылы қарулар.
Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.
Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді анықтау мақсатында облыс көлемінде 600-ге жуық шаруа қожалықтарында тексеру жұмыстары жүргізілді.
Ескерте кететін жайт, қолындағы қару-жарақ заттарын тапсырғысы келген тұрғындар арнайы 8-778-991-66-66, 8-775-287-16-37 телефоны немесе «102» нөміріне онлайн-форматта хабарласуына болады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Сондықтан, тұрғындар заңсыз сақталған, тіркелмеген қаруларыңыз болса, тиісті органға тапсырыңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер