Қалжыңы қылмысқа айнала жаздады

леволет.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, күн сайын карантин жағдайында жоғары бағамен дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды заңсыз сату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша әлеуметтік желілер мен интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу жұмыстарын атқаруда.
"Instagram"," Ватцап" әлеуметтік желілерін мониторингілеу кезінде полицейлер Түркістан қаласының көшелерінің бірінде белгісіз ер адам қалада сұранысқа ие, оның айтуынша дәріханаларда табыла қоймайтын вирусқа қарсы "Леволет" және "Левомак" дәрі-дәрмектерін сатып алуды ұсынып отырған бейнежазбаны анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аталған бейнежазбадағы басты кейіпкердің жеке-басын анықтап, оны полицияға жеткізді.
Ер адамның айтуынша ол танысымен келісіп, екеуі "әзіл үшін" телефонға дәрі-дәрмек сатып отырғандай видео түсірген. Оның өзі дәрі-дәрмектерді сатумен айналыспайтынын айтып, жасаған әрекетіне өкініп, қала тұрғындарынан кешірім сұрады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер