Қой ұрлап қылмысы ашылды

кое.jpg

Мал ұрлығын болдырмау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң талаптарын қатаңдатқаны белгілі. Қолданыстағы заңнамаға енген өзгерістерді халыққа түсіндірумен айналысқан Арыс қаласының тәртіп сақшылары қой ұрлаған күдіктіні ұстады.

Арыс АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында түнгі уақытта белгісіз тұлғалар тұрғын-үйінің ауласына заңсыз кіріп, қорасынан 6 бас қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мыңнан астам теңгені құрады. Осындай арызбен полиция бөліміне тағы бір тұрғын хабарлама түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның ауласындағы қорасынан 2 бас қойын ұрылар жасырын жымқырып кеткен. Аталған жайттар СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен тіркелді.

Шұғыл әрекетке көшкен полицейлер мал ұрлығын ашу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап шығып, мұқият тексеру жасалды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы полицейлер осы ұрлық қылмысына қатысты күдіктінің бірін Нұр-Сұлтан қаласында жасырынып, жұмыс істеп жүрген жерінен анықтап, ұстады.

Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол өз кінәсін толық мойындап, қасындағы сыбайласы екеуі ұрлаған қойларды сатып жіберіп, ақшасын бөліп алғандарын жеткізді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Ал, сыбайласын ұстау бойынша тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ұрылардан сақ болу үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар деп ескертеді. Аулаларыңызды жарықтандырып, бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Қора-жайларыңызды мықтылап бекітіңіздер. Үй жануарларына ен-таңбаларын уақытылы салдыртыңыздар. Егер, ұрлық орын алған жағдайда уақыт оздырмай, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер