Жеңгесінің атынан онлайн-несие алған қыз ұсталды

онлайнесие.jpg

Түркістан облысы әкмімдігінің тіркелген ұылмыстарды іздерін суытпай ашу туралы тапсырмасы бойынша тәртіп сақшылары нәтижелі жұмыстар атқаруда. Соның бірі Қазығүрт ауданында ашылды.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша бейтаныс тұлға оның атынан 60 мың теңге онлайн-несие алған. Екі жылда қарызы 300 мың теңгеден асып кеткен. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Қазығұрт ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің туыс қайынсіңлісі болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші 2018 жылдың шілде айында туысынан онлайн-несие алуға өтініш тастап беруін сұраған. Содан күдікті жас қызда жымысқы ой пайда болып, ол жәбірленушінің атына онлайн-кредит рәсімдеп, мақұлдауды алғаннан кейін, ақшаның бір бөлігін иемденгені белгілі болды. Күдіктінің бас шарасы «міндеттеме». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз мен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтығының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер