Бір келі марихуана машинасынан табылды

автомарих.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тәртіп сақшылары есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, өңірдегі барлық қала, аудандарда рейдтік шараларды жүргізіп, есірткімен айналысқан, оны сатқан және тасымалдаған құқық бұзушыларға қатысты жедел алдын алу шараларын іске асыруда. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Төлеби ауданы тұрғынының басқаруындағы "Лада Приора" маркалы автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер күдікті автокөлігінің салонын тінту кезінде, өзіне тән хош иісі бар екі полиэтилен пакеттегі есірткі затын анықтады. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.
Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты 1
келіден астам марихуана болып шықты. Аталған жайт СДТТБТ-да ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі "Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ер адамның есірткіні аса ірі көлемде қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер