Мас хәлде көлік айдап, екі айға қамауға алынды

пянв.jpg

Түркістан облысында Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады. Осындай кезекті жұмыс күнінің бірінде, Түркістан қаласында, сағат 20:50 шамасында патрульдік полиция ротасының полиция лейтенанты Нұрхан Мырзахметов пен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы полиция лейтенанты Ерболат Алиякбар қызмет атқару барысында Түркістан қаласының орталық көшелерінің бірінде «ВАЗ» автокөлігін тоқтатады.

Тексеру барысында жүргізуші 2020 жылдың сәуір айында Түркістан қалалық сотының үкімімен 2 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Одан бөлек, медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші көлікті мас халде көлік басқарғаны анықталды.

Құқық бұзған жүргізуші Түркістан ҚПБ-не жеткізілді. Соттың қаулысына сәйкес мас халде көлік тізгендеген тұрғын 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабымен «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіпті болмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер