Жоғалған қызды тауып берді


Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңір тұрғындарының құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары нәтижелі жүзеге асуда. Соның бірі – Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары жоғалған жас қызды тауып, жанұясына қайтарды.

Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 2001 жылғы қызы құрбысының үйіне қыдырып кетіп, келем деген уақытында келмей, ұялы телефоны өшірулі тұрғаны жөнінде хабарлайды. Және ол құрбысының кім және үйі қайда екенін білмейтіндігін жеткізеді.

Аталған хабарлама бойынша Мақтаарал АПБ-нің полицейлері тез арада іске кірісті. Қызды табу мақсатында қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Тәртіп сақшыларының жүйелі жұмыстары арқасында 1 тәуліктен соң, қыздың Жетісай қаласында екендігі анықталды.

Тергеу барысында 19 жасар қыз анасына ескертіп кеткенін, ал ұялы телефоны суға түсіп кеткендіктен өшірулі болғанын айтты. Осылайша полицейлер ақпарат көздері арқылы қыздың тұрған мекен-жайын анықтап тауып, анасына аман-есен табыстады.

Өз кезегінде қыздың анасы Мақтаарал АПБ-нің полицейлеріне хабарсыз кеткен қызын аман-есен тауып бергендері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға өздеріңіздің ұл-қыздарыңыздың араласатын ортасын толық біліп, бақылауда ұстауға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер