100-ден астам тұрғынға құқықтық кеңес берілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің талабы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттарын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады. Сондай халықпен тығыз байланыс орнатудың жолы – «Жолда қабылдау» акциясы.

Іс-шара барысында облыс тұрғындары Полиция департаментінің фейсбук, Instagram әлеуметтік желілері арқылы өздерінің көкейдегі сұрақтарына онлайн-режимде жауап алды. Бірінші күннің өзінде әлеуметтік желі қолданушыларынан 100-ге тарта сұрақтар қойылып, полицейлер тарапынан жауаптар қайтарылды. Одан бөлек Түркістан қаласында 10 тұрғын акцияға арнайы келді. Оның 8-і өздерінің сауалдарына құқықтық кеңес алса, екі тұрғын айыппұл және көлікке газ орнату бойынша арыздарын қалдырды.

Аталмыш акцияның ұтымды тұсы осылай көмекке жүгінгендердің мәселелері жедел түрде шешілуінде. Кезексіз кез-келген тұрғынды қабылдаған облысымыздың тәртіп сақшылары азаматтардың мәселелерін тез арада қарап шықты.

Тікелей қабылдау жүргізген Түркістан облысы Полиция департаменті ӘПБ бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков мұндай акцияны ұйымдастырудың халық үшін пайдасы зор екендігін, халықпен қарым-қатынасты күшейтетіндігін атап өтті. Ең бастысы тұрғындарға қолайлы екенін жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер