​Полиция департаментінің медицина мамандары «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫН» алды

6e802061-44b4-4279-b269-750d54e6bc0f.jpg

Пандемияға байланысты еліміздің түрлі салаларында қызмет жасайтын азаматтар аянбай еңбектеніп, індеттің бетін қайтаруға өзіндік үлестерін қосты. Әсіресе медицина мамандары мен полиция қызметкерлерінің еңбегі орасан. Олар карантин уақытында күшейтілген режимде қызмет атқарып, халықтың саулығы үшін күндіз-түні блокбекеттерде табандап тұрып, алдыңғы шепте болды. 

Осы жағдайды ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша «Халық алғысы»  медалі  Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерге арналған емханасының медицина мамандарына табысталды. 

Алғысқа бөленген қызметкерлердің есімдерін айтар болсақ, Қалматаева Ләззат Нысанқызы ТО ПД округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы мен Сәрсенова Гүлмира, Батырбаева Ләззат және т.б медицина мамандары. 

Пандемиямен күресте белсенділік танытқан қызметкерлер Президент тарапынан «Халық алғысы» медалімен марапатталып, еңбектерінің ескерілгеніне риясыз алғыстарын жеткізді.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер