Бүгінгі күні Түркістан облысы ПД-нің полицейлері коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында карантин режимі талаптарының бұзылуын анықтау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Күн сайын облыс орталығы мен аудандарда тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шектеу шараларының сақталуын бақылау қызметін атқарады.
Арнайы құрылған мобильді топтар сауда және ойын-сауық орындарын, дүкендер мен базарларды, сондай-ақ көшелер мен адамдар көп жиналатын орындарды, қоғамдық көлікті иелерінің азаматтардың карантинін және өзін-өзі оқшаулауын сақтауы тұрғысынан тексереді. Жұмылдыру топтарының құрамында-полиция қызметкерлері, жергілікті органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері бар.
Мәселен, Сайрам ауданындағы рейдтер кезінде полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінде медициналық маскасыз тұрған дүкенге келушілерді анықтады. Мұндай карантинді бұзу жағдайлары аудан аумағында жиі анықталады, сондай-ақ маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтамайтын кейбір азаматтар да кездеседі.
Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында отбасылық мерекені өткізген кезекті жайтты анықтады. Ауыл тұрғыны карантиннің бұзылуына қарамастан өз үйінде той ұйымдастырған. Полицейлер жергілікті тұрғынға қатысты жиналған материалдарды тиісті шешім қабылдау үшін СЭС-ке жолдады.
Ағымдағы жылдың 1-12 қазан аралығында Сайрам АПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері карантиндік режимін бұзудың 36 жайтын анықтады, олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, Түркістан облысының полицейлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты енгізілген карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі