Діни мазмұнда материал таратқан ер адамға айыппұл салынды

5b824b09-5d3f-42fd-ac93-f560cc0fc419.jpg

Түркістан облысының тұрғынына тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін айыппұл салынды

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Вконтакте" қолданушыларының бірінің парақшасында діни мазмұндағы тыйым салынған материалдарды анықтады. Полицейлер Кентау қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасының аумағында дәрістеріне тыйым салынған деструктивті діни ағым көшбасшыларының материалдарын әлеуметтік желіге орналастырғаны айқындалды.

Нәтижесінде Кентау қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі "діни мазмұндағы материалдарды заңсыз тарату"бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 138 900 теңге айыппұл салынды.

Жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушылары арасынан әкімшілік заңнаманы бұзған 350-ден астам тұлғаны анықтады. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу қажеттігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер