Түлкібаста жоғалған 16 жасар қыз Қарағанды облысынан табылды

6fc5218a-9f6f-4fd7-b077-54e6a67135cb.jpg

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын  арызданып  келген.  Онда әйел кешкі  сағат 17.00 шамасында  қызы үйінен  шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. 

 Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері толық құрамда  қызды іздеуге кірісті.  Халық көп шоғырланған аймақтарға  қыздың суреттері ілініп, ТО ПД аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына  бағытнамалар жіберілді.          

Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

 Соның нәтижесінде 2 күн ішінде  қыздың жүрген жері анықталды. Ол  Қарағанды облысынан,  әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген жігіттің ауылынан табылды.  Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды. 

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай жасөспірім қыз анасымен сөзге келіспей үйінен шығып кеткен. Мұндай жайт бұдан алдында бірнеше рет қайталанған. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.  

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер