Түркістан облысының полицейлері игі іс жасады

ab0b73de-3f59-43ec-8589-ec5d27647985.jpg

 Түркістан облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі  Қанат Ділдабековтің ұйымдастыруымен өзгелерге үлгі боларлық үлкен қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. 

Мейірімділік пен қамқорлыққа бастайтын шарада арнайы жасақ қызметкерлері  бірауыздан келісіп, көпбалалы және  тұрмысы төмен  отбасыларға қолдан келгенше көмектесуді шешті. Осылайша, тиісті қаражаттарын жинап, жылқы алып сойып,  Бекзат мөлтек ауданының имамы Ғалымжан Жанқожаұлы  арнайы құран бағыштады. Тәртіп сақшылары  жаңа сойылған жылқы етін жағдайы төмен  22 отбасыға  азық-түлік, киімдермен қосып  таратты. 

 Бұл іс-шара  жеке құрамның  халықпен тығыз байланыста болуына бастайды. 

Полицейлерден жан жылытар  қамқорлықты сезінген  тұрғындар игі іске ұйытқы болған жандарға  өз алғыстарын білдірді. «Полиция департаментінің арнайы жасақ бөліміне үлкен алғысымызды айтамыз. Бізге қысқы маусымға жететін тұрмысқа қажетті азық-түлікті, етімен қосып әкеліп берді. Сіздер үшін әрқашанда дұғада боламыз! Жұмыстарыңызға табыс тілейміз!»-деп ыстық лебіздерін білдірді. 

Дәстүрге айналған бұл игі шаралар алдағы уақытта да полицейлер тарапынан өз жалғасын таппақ. Тәртіп сақшылары кез келген қиын шақта тұрғындардың жағдайы жақсаруы үшін кішкене де болса өз үлестерін қосып, қайырымдылықтың, адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетуде. Ең бастысы, еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, -дейді ішкі істер саласының ішіндегі қауіпі пен қатері көп арнайы жасақ қызметкерлері. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер