Техника дамыған қазіргі таңда, ғаламторда арам пиғылдарын жасап, алаяқтық жасаушылар қатары көбейді. Олар, компьютермен жұмыс жасауды жетік меңгерген, интернет арқылы өзгенің сеніміне кіріп, ақшаларын жымқыруда.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша, OLX желісі арқылы өзінің 3 сиырын сату үшін жарнамаға қойғанын айтқан. Содан белгісіз біреулер үйіне келіп 3 сиырын сатып аламын деп, ақшаны 2 күн ішінде беретінін айтып қолхат қалдырған. Алайда уәделескен уақытында ақшасын қайтармаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 700 мың теңге. Аталған жайтты тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Осыдан соң сақшылар күдіктіні табуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын соңды осындай алаяқтық жайтымен сотталған күдікті азамат болып шықты.
Атқарылған жұмыстар барысында анықталғандай, күдікті азамат OLX желісіндегі жарнаманы көріп, оңай жолмен ақша таппақ болып тұрғынды алдап соққан. Сондай-ақ күдікті 3 сиырды 400 мың теңгеге бағалап сатып жібергені анықталды. Қазіргі таңда қолды болған сиырлар заңды иесіне қайтарылды. Бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ескертеді: Кез келген адамның әдемі сөзіне сенбеңіздер. Барлық мәселені заңға сәйкес шешуге дағдыланыңыздар.
ТО ПД баспасөз қызметі