Түркістан ҚПБ-ның патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында, қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан автокөлікті тоқтатады. Сондай-ақ көлік жүргізушісінен құжаттарын сұрап, тексеру кезінде автокөліктің ішінде отырған жолаушы ер азаматтың қара пакетке оралған хош иісі бар затты, отырған орындығының астына тастап жібергенін көреді. Содан патрульдік полицейлер күмән тудырған жайтқа шұғыл жедел тергеу тобын шақырған.
Аталған оқиғаны тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі салмағы шамамен 550 грамға жуық болатын "кептірілген марихуана" болып шықты. Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдікті азаматтың қазіргі таңда жұмыссыз екендігін анықтайды. Осы оқиға бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз сақтағаны, сатқаны және өсіргені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бары туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.
ТО ПД баспасөз қызметі