Түркістан облысының полицейлері жайылымнан мал ұрлағандарды қылмыс үстінде ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне екі жергілікті тұрғын арызданып, олардың жайылымда жүрген 6 бас сиырларын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізеді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,6 миллион теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. 

123.jpg

Ақпарат алысымен мал ұрыларын ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Куәгерлерден жауап алып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Осындай жедел әрекеттің нәтижесінде, полицейлер күдіктілердің ізіне түсіп ұстады. Қалалық полиция бөліміне жеткізілген екеу,  Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.


Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер күндізгі уақытта жайылымда қараусыз жүрген ірі-қара малдарды айдап әкетіп, шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ескі қораға қамап кеткен. Содан қараңғы түскесін оңай жолмен келген олжаларын көлікпен артып әкетпек болғанда, ойлары іске аспай қалады. Қырағы полицейлер ұрыларды құрықтап, айғақты зат ретінде ұрланған сиырларды тәркіледі. Төрт түлікті заңды иелеріне қайтарып берді. 

Одан бөлек, тергеу кезінде күдіктілердің 2019 жылы жасалған 3 жайт мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Ол кезде мал ұрылары басқа тағы үш сыбайласымен бірге   9 сиыр мен 1 бас жылқыны жымқырғаны белгілі болды.  Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі  2 миллион теңгеге жуық болған. Ұрланған малдарды сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

 Бүгінде полицейлермен барлығы 4 күдікті ұсталды, бесінші күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде. Күдіктілердің барлығы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға малдарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Бақташы жалдап, қора-жайларды мықтап бекітуге кеңес береді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер