Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ақшасын күштеп алған күдіктіні анықтады

Түркістан  ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша,   өзін  белгісіз біреу көше бойында  себепсіз тоқтатып ақша сұраған.  Содан  күдікті азамат  жәбірленушінің қалтасындағы ақшасын   байқап   күштеп тартып алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 120 000   теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Түркістан  ҚПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада жетті. Сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында, күдікті тәулік ішінде ұсталды. Ол Кентау қаласының  тұрғыны,  жұмыссыз азамат болып шықты. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарына мұқият болуға және өз мүлкін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмауға шақырады. Кез келген құқық бұзушылық орын алғанда, бірден полицейлерге хабар беріңіздер.


ТО ПД-ның баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер