Түркістан облысының полицейлері жоғалған 16 жасар қызды тапты

Шардара  АПБ-ға кешкі уақытта жергілікті тұрғынның бірі 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Ол әйелдің айтуынша, 16 жасар қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып із-түзсіз жоғалып кеткен. Шардара  АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. 

image.png

Мектеп оқушысын табу мақсатында, қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2 күннің ішінде тәртіп сақшылары жас қызды 100 шақырым жердегі Қызылқұм ауылынан  тауып алды.

Осылайша, жоғалған 16 жасар қыз полиция қызметкерлерінің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды. Белгілі болғандай қызды  құрбысы үйіне қонаққа шақырған. Алайда,  қыз  ата-анасынан  сұранғанымен  жібермейтінін біліп,  ескертпестен шығып кеткен. Өз кезегінде ата-анасы қыздарын іздеп нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

Полицейлердің жедел жұмыстарының арқасында немересімен  қауышқан атасы  полицейлерге өз алғысын білдірді: «Жоғалған немеремді тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметімді айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!»-деді.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.

 

 ТО ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер